Ту жайында қызықты деректер

4 Маусым 2022, 13:07 3946

Фото: interesnyefakty.org

Мемлекеттік рәміздер күні назарларыңызға туға қатысты қызықты деректерді ұсынамыз, деп хабарлайды El.kz

Кез келген елдің жалауы оның елдігінің, егемендігінің нышаны іспеттес. Біз әдетте туда елдің тарихы мен дүниетанымын, салт-дәстүрі мен өмірлік философиясын аңғаруға тырысамыз. Ал кейде жалаудаға символ мүлдем өзге мағынаны білдіреді. Қайсыбірі тіпті қызық... 

Жалауға тарихи деректер мен сол мемлекеттің географиялық орны, экономикалық көрсеткіштері, діні болмаса этникалық факторларға байланысты көптеген элементтер мен түстер пайдаланылған. Алдағы мейрамға орай біз тарихы қызықты тулар жайында қысқаша айтатын баяндайтын боламыз.

 

Баланың туындысы

Бір қарағанда Норвегияның туынан айтарлықтай қызықты элемент байқамайсыз. Қызыл фонға жиегі ақ болып келген көк крест салынған. Осы тудың шығу тарихына тікелей кішкентай баланың қатысы болғанын естіп пе едіңіз? Иә, білдей бір мемлекеттің ұлттық туының авторы кіш-кішкентай бүлдіршін.

Тарихи деректе бұл туды Берген парламентарийі Фредери Мельцердің ұлы Герхард салғандығы айтылады. Бұл оқиға Норвегияның Швеция королдігінің билігіне өткен кезде, яғни 1814 жылы болған екен. Дания елінің туымен ойнап отырған бала ақ түстің үстіне көк бояу жағады. Ал бұл идея оның әкесіне қатты ұнап қалады да, ұлының туындысын ұлттық ту ретінде жариялайды. Жалпы, қызыл, көк және ақ түстер еркіндіктің символы болып есептеледі.

 

Шахмат тақтасы

Хорватия мемлекетінің туындағы негізі түстер: қызыл, ақ және көк. Бірақ, тудың ерекшелігі – ортада тұрған шахмат тақтасынан құрылған елтаңба.

Аңызға сүйенсек, ІХ ғасырда Хорватия королі Светослав Суронья Венециялық аймақ басшысы (дожы) Пьетр ІІ Орселмен шахмат ойынында жеңіске жетіп, Далмация қалаларын билеу құқығына ие болады. Ол жеңіспен оралған соң, елтаңбаға шахмат тақтасын енгізіпті.

 

Жер көлемі

Кипр елінің туы ақ фонға республиканың жер көлемі жез түстес етіп салынуымен ерекешеленеді. Неге жез түсі? Себебі, осы аралда б.з.д үш мыңжылдықта жез кені табылған. Химиялық элементтің Cuprum (латынша) атауы осы Кипр аралының атымен байланысты қойылған. Ал контурдан кейінгі зәйтүн ағашының екі бұтағы республикада өмір сүріп жатқан грек-киприоттар мен түрік-киприоттардан хабар береді.

   

Жұлдызды аспан

Бразилия елінің негізі түсі ретінде жасыл түс таңдалған. Ал ортасында дөңгелек келген жұлдызды аспан бейнеленген сары ромб бар. Жұлдызды аспанды 1889 жылдың 15 қарашасындағы әскери төңкерілістен соң, Бразилия республика болып жарияланған оқиғамен байланыстырады. Яғни, сол күні аспан тұп-тұнық жұлдызға толы болып тұрған. Ал ондағы жұлдыздар саны да кездейсоқ емес. Олардың жалпы саны – 27. Бұл осы елдегі штаттардың санымен байланысты.

 

Шіркеуі бар ту

Әлемдегі шіркеу бейнеленген жалғыз ту Камбоджа еліне тиесілі. Онда Анкгор Ват бес мұнаралы шіркеуі көрініс тапқан. Аумағы екі шаршы шақырымды алып жатқан шіркеу ХІІ ғасырда тұрғызылған. Ол қызыл фонның қақ ортасында жайғасқан, тудың жоғары мен төмен жағы көк жолақты болып келеді.


Бөлісу: