Ту ұстаған спортшылар!

4 Маусым 2015, 10:19

4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні!

4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні!

Ту ұстау – әр спортшының ар­ма­ны.

Кеңес өкіме­ті­нің тұсында бұл құрмет қазақ­стан­дық спортшы­лардың үш ұйықтаса да түсіне кірмейтін арман болатын. Сидней Олимпиада­сын­да Жамбыл өңірінен шыққан та­лантты боксшы Ермахан Ыбырайымов қазақтың Тұңғыш Президенті Нұр­сұлтан Назарбаев сеніп тапсырған ел туын жоғары көтеріп шықты. Сол жолы ол Елбасына берген уәдесінде тұрып, Олимпиада чемпионы атанды.

2004 жылғы Афины қаласында өткен Олимпиадада көк байрағымызды дзюдошы Асхат Жіткеев алып шыққан болатын. Әйтсе де, Грекия төрінде жүлдеге ілікпеген Асхат араға төрт жыл салып Олимпиада күмісін олжалады.  

2008 жылғы Бейжіңде өткен Олимпиадада көк байрағымызды зілтемірші Бақыт Ахметов көтеріп шықты. Бақыт Ахметовтің жолы болмағанмен, Илья Ильин алғашқы Олимпиада алтынын алған еді.

Ақ Олимпиаданың соңғы он жылдығына көз жүгіртсек, Қазақ­стан туын 1994 жылы серіппеден тұғырдан шаңғы­мен секірудің шебері Қайрат Бике­нов ұстапты. 1998 жылы  ел бай­рағын Олимпиада чем­пио­ны, сондай-ақ Олимпиада ойындарының төрт рет күміс және екі рет қола меда­лі­нің иегері, төрт дүркін әлем чем­пио­ны, бұрынғы КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы болған шаң­ғышы Вла­димир Смирнов алып жүрді. Осы арада В.Смирновтың Қазақ еліне ақ Олимпиаданың алтынын әперген жалғыз спортшы екенін айта кетейік.  2002 жылы бұл мәр­тебеге конькиші Радик Бикчентаев, ал 2006 жылы хоккейші Александр Корешков ие болды.

2010 жылы Ванкуверде көк байрағымызды Диас Кенешев ұстап шықса, 2014 жылғы Сочи Олимпиадасында шаңғышы Ердос Ахмадиев шықты.

Бір қызығы, Олимпиадада ту ұстау құрметі кей­бір спортшыларға арман болса, енді бір атақты спортшылар одан өз өтініштерімен бас тартатын жағ­дай­лар болады. Бірі жауапкершіліктен қашса, бірі халық алдында ұзақ уақыт тұру спортшының жарыс алдында біраз күшін жоғалтуына әкеледі деп түсіндіреді.

Мысалы, Ресейдің атақты ба­луа­­ны, әлемнің бірнеше дүркін чем­пионы, Сеул (1988 ж.), Бар­се­ло­на (1992 ж.) және Атланта (1996 ж.) Олимпиадаларының чемпионы Александр Карелин  өзінің Сидней Олимпиадасындағы күміс медальды қанағат тұтқан “сәтсіздігінің” бір се­бебін ту ұстап шықпауынан көре­ді екен. Өйткені, ол мұның алдын­дағы екі Олимпиада салтанаты кезінде әлем жұртшылығына Ресей спорт­шы­ларының мызғымас ту ұстау­шысы ретінде танылған болатын.

 

Ту ұстаушылар:

Лиллехаммер — 1994 Қысқы олимпиада ойындары - Биекенов Кайрат Оразбайұлы (трамплиннен секіру)

Атланта — 1996 Жазғы олимпиада ойындары - Ермахан Ыбрайымов (бокс)

Нагано — 1998 Қысқы олимпиада ойындары  - Владимир Смирнов (шаңғы жарысы)

Сидней — 2000 Жазғы олимпиада ойындары - Ермахан Ыбрайымов (бокс)

Солт-Лейк-Сити — 2002 Қысқы олимпиада ойындары - Радик Бикчентаев (коньки)

Афины — 2004 Жазғы олимпиада ойындары - Асқат Жіткеев (дзюдо)

Турин — 2006 Қысқы олимпиада ойындары - Александр Корешков (хоккей)

Пекин — 2008 Жазғы олимпиада ойындары - Бақыт Ахметов (ауыр атлетика)

Ванкувер — 2010 Қысқы олимпиада ойындары - Диас Кенешев (биатлоншы)

Лондон — 2012 Жазғы олимпиада ойындары - Нұрмахан Тінәлиев (грек-рим күресі)

Сочи — 2014 Қысқы олимпиада ойындары - Ердос Ахмадиев, (шаңғы)

Бөлісу: