Туған елім - мақтанышым! Атырау облысы

22 Қазан 2015, 04:56

Туған елім - мақтанышым! Атырау облысы

«Отаның-алтын бесігің» деп дана халқымыз бекер айтпаған. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін, кең далалы байтақ өлкені әлемде іздеп таба алмаймыз. Оқырмандарымызға осы байлық туралы айтып қана қоймай, еліміздің әр ауданы туралы деректерге толы альбом жинағын ұсынуға шешім қабылдадық. Назарларыңызға Еl.kz редакциясының жасап шығарған кезекті топтамасын ұсынамыз!

Атырау облысы — Батыс Қазақстанда орналасқан облыс. 1938 ж. Гурьев облысы деген атымен құрылған. 1992 жылы қазіргі атауына ие болды. Солтүстігінде Батыс Қазақстан облысымен, шығысында Ақтөбе облысымен, оңтүстік-шығысында Маңғыстау облысымен және батысында Ресейдің Астрахан облысымен шектеседі. Сондай-ақ, оңтүстік шекарасы Каспий теңізіне келіп тіреледі. Облыс орталығы - Атырау қаласы. Облыс аймағы Каспий ойпатының солтүстік-шығыс бөлігін, Жем қыраты мен Үстірттің батыс шетін, Каспий теңізінің солтүстік бөлігін алып жатыр. Жері солтүстігінен оңтүстікке қарай аласара түсетін Ойыл, Сағыз, Жем өзендері салаларымен тілімденген. Гееологиялык тұрғыдан алғанда Атырау облысы көне Шығыс Еуропа платформасына ендеп кірген Каспий маңы ойпатының оңтүстік жағалауын алып жатыр.


Суреттердің дизайнері: Арман Қалибекұлы

Бөлісу: