Туған елім - мақтанышым!

22 Қазан 2015, 07:05

Туған елім - мақтанышым!

«Отаның-алтын бесігің» деп дана халқымыз бекер айтпаған. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін, кең далалы байтақ өлкені әлемде іздеп таба алмаймыз. Оқырмандарымызға осы байлық туралы айтып қана қоймай, еліміздің әр ауданы туралы деректерге толы альбом жинағын ұсынуға шешім қабылдадық. Назарларыңызға Еl.kz редакциясының жасап шығарған екінші топтамасын ұсынамыз!

Батыс Қазақстан облысы — Қазақстан Республикасының солтүстік-батысындағы әкімшілік-аумақтық бөлік. Шығысында Ақтөбе, оңтүстігінде Атырау облыстарымен, батысында Ресейдің Астрахан, Волгоград, солтүстік-батысында Саратов, Самара, солтүстігінде Орынбор облыстарымен шектеседі. Облыс 1932 ж. 10 наурызда Орал облысы болып құрылған. 1996 жылдан Батыс Қазақстан облысы болып аталады. Қазіргі орталығы — Орал қаласы. Батыс Қазақстан облысы аумағының басым бөлігі Каспий маңы ойпатының солтүстігінде орналасқан. Жер бедері, негізінен, құмды алқаптар мен сор ойпаңдар алмасып жатқан жазық болып келеді. Облыс аумағында Цыганов, Ульянов, Гремячинск, Батыс Теплов, Теплов, Қарашығанақ сынды бірқатар газ конденсаттары мен мұнай кендері анықталған. Олардың ішіндегі ең ірілері : Батыс Теплов және Қарашығанақ болып табылады. Батыс Қазақстан облысында 140-тан астам көл бар. Оның 9-ның су айдыны 10 км²-ден асады. Облыстың климаты тым континенттік. Қысы суық, жазы ыстық әрі құрғақ. Қаңтар айының орташа температурасы –11 — 14 °С, кейде —40 °С-қа дейін төмендейді, шілде айындағы температура 22 — 25 °С, кейде 40 °С-қа дейін көтеріледі.


Суреттердің дизайнері: Арман Қалибекұлы

Редактор: Айгүл Шерниязова

Бөлісу: