Комитеттің мәліметіне қарағанда, Мемлекеттік аудит барысында ақпараттандыру саласындағы бірқатар заң бұзушылықтар анықталған.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне «ASTANA HUB» халықаралық IT-стартаптар технопаркінің қатысушыларына қатысты салықтық бақылау жүргізу мәселесін қарау және заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті шаралар қабылдау тапсырылды.
Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін «ASTANA HUB» халықаралық IT-стартаптар технопаркінің қатысушыларына қатысты камералдық бақылау жүргізілді.
«ASTANA HUB» халықаралық IT-стартаптар технопаркінің қатысушылары ретінде қызметті жүзеге асыру кезеңінде салық салынбайтын айналым мақсатында жалпы сомасы 3 950,1 млн.теңгеге алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша ҚҚС сомаларын есепке заңсыз жатқызу анықталды. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар жасалды және жіберілді - делінген Есеп комитетінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.