Целиноград ауданының Талапкер ауылында жеке тұрғын үйдің бірінде өрт шықты. Қызыл жалын аумағы - 100 шаршы метр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақмола облыстық ТЖД мәліметінше, құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылының арқасында өрт кезінде 5 газ баллоны қауіпсіз аймаққа шығарылды.
Өрт толықтай сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның шығу себебі анықталуда.