Тректегі велоспорт: Қазақстан Азия чемпионатында қола жүлде еншіледі

Кеше, 19:15 237

Тректегі велоспорттан Қазақстан ерлер құрамасы Малайзияның Нилай қаласында өткен Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Илья Карабутов, Максим Хорошавин, Дмитрий Носков және Әлішер Жұмақан командалық жарыста үшінші орынға ие болды. Жарыс қорытындысы бойынша отандастарымыз 03:59.215 уақыт көрсеткішімен мәре сызығын кесті.

Алтын медаль Оңтүстік Кореяға бұйырды, ал Жапония күміс жүлдегер атанды.

Асқар Таудай
Бөлісу: