Транскаспий халықаралық көлік бағытының келешегі бар

28 Қазан 2022, 13:01 1744

Бұл туралы Қазақстан Президенті ТМД Үкіметтері басшылары кеңесінің мүшелерімен кездесуінде айтты

Еуразия нарықтарына жаңа мүмкіндіктер ашатын Транскаспий халықаралық көлік бағытының келешегі бар. Бұл туралы Қазақстан Президенті ТМД Үкіметтері басшылары кеңесінің мүшелерімен кездесуінде айтты, деп хабарлайды El.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы экономикалық серіктестікті кеңейту үшін жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті. Халықаралық нарықтағы дағдарыс жағдайына қарамастан, экономикамыз біртіндеп қалпына келе бастағанын айтты. Сондай-ақ, көлік-транзит әлеуетін дамыту мәселелеріне тоқталды. Атап айтқанда, Еуразия нарықтарына жаңа мүмкіндіктер ашатын Транскаспий халықаралық көлік бағытының келешегі бар екенін жеткізді.

«Бұл мәселенің өзектілігі артып келеді. ТМД-ға мүше мемлекеттер қолда бар әлеуетті дамыту үшін бірлесіп жұмыс істейтін болады. Атап айтқанда, Иранға, Парсы шығанағы мен Үндістанға шығатын «Солтүстік - Оңтүстік» бағыты бойынша сауда-саттықты өркендету маңызды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бөлісу: