Трансформацияға ұшырайтын мамандықтар цифрландыруды қажет етеді - Санжар Тәтібеков

Кеше, 16:00 195

Астанада «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі өтіп жатыр. Осы орайда «Talap» КЕАҚ президенті Санжар Тәтібеков фестивальді ұйымдастыру идеясы туралы толық баяндап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жұмысшылар қалашығы 6 көшеден, екі бұрышгтан тұрады. Сонымен қатар 37 үйден тұрады. Мұны неге көшеге немесе үйге бөліп отырмыз? Өзіндік философиясын түсіндіре өтейін. Өйткені, әр үйіміз, әрбір қалашығымыз белгілі бір мамандықпен байланысы бар. Яғни, 200-ге жуық мамандықтардың негізгі ерекшеліктерін, қажеттілігін бизнес саласы мен білім саласы бірігіп, көрсетіп отыр. Бұл иммерсивті үлкен іс-шара. Иммерсивті дегеніміз – әрбір қатысушы көрмеге келгендей көріп, келіп-кетпейді. Бұл іс-шарадан көрген-білгенін өзін түйсінеді. Қандай ерекшеліктері бар, қандай мүмкіндіктері бар, мамандықтың қандай қажеттілігі барын түсіне алады. Мысалы, бізде трансформацияға ұшырайтын болашақтың мамандықтары бар. Әрине, біз бұл алаңда оның шешімін де көре аламыз, - дейді Санжар Мейірханұлы.

Фестиваль аясында колледж студенттері мен мектепті тәмамдайтын оқушылар кәсіпорындардың жұмысымен етене таныса алады.

Әрбір үйімізде белгілі бір жаңашылдықтардың көзі бар. Дәл қазір машина жасау көшесінде тұрмыз. Сіз бен біздің ойымызша, машина жасау құрылысында белгілі бір өзгерістер бар. Біз оны кір киімдер мен арнайы форма киіп жасаймыз деген стреотип қалыптасуы мүмкін. Бірақ біз қазіргі таңда жұмысшы маман инженерлік ойлауды қажет ететін белгілі бір экономикамыздың дамуына әсер ететін критикалық ойлау қабілеті бар жұмысшы маман екенін көрсетеміз. Ол – заман талабы, - дейді сарапшы.

Сарапшының айтуынша, аталмыш іс-шараның жұмысшы мамандарды қалыптастыруда маңызы зор. 

Future of Jobs Report есебі бойынша  60 пайыз жұмыс беруші трансформацияға ұшырайды. Сол трансформацияға ұшырайтын мамандықтар цифрландыруды қажет етеді. Сондықтан бүгінгі фестивальда ұйымдастырылған әрбір алаңда цифрлық шешім көрініс тапқан. Әрбір көшенің жастарға бағытталған жұмысы көрсетіледі. Алдағы бес күн ішінде 30 мыңнан аса оқушы, 10 мыңға жуық қоғам өкілдері келетін болса жұмысшы мамандықтармен жақын таныса алады. Бізде үштік спираль деген ұғым бар. Бұл ұғым бойынша мемлекет, бизнес және білім ордасы нақты шешімдер қабылдауы керек. Осындай үштарапты қабылданған шешімдер арқылы экономикамыздың дамуына үлкен үлес қосуға болады. Қазіргі таңда Оқу-ағарту министрлігінің ұсынысымен осындай шара ұйымдастырылып, бизнес қауымдастықты, мемлекеттік органдарды, колледжерді біріктіріп, үлкен іс-шара өткізіп жатыр. Шараның мақсаты – экономикамыздың дамуына үлес қосатын жас буын көрмеге келіп, өз мамандығын таңдайды және жаңа бағытта жұмыс істеуге серпіліс алады деген ойдамыз, - дейді Санжар Мейірханұлы.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: