Трампты қолдаған бизнес-элита 209 миллиард доллар жоғалтты

Кеше, 15:50 692

АҚШ президенті Дональд Трамптың екінші мерзімінің алғашқы жеті аптасында әлемнің ең бай адамдары жалпы  209 миллиард доллар жоғалтты. Бұл туралы Bloomberg Billionaires Index (BBI) деректерінен белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2025 жылдың 20 қаңтарында өткен Трамптың инаугурациясына Илон Маск, Джефф Безос, Марк Цукерберг сынды әлемнің ең бай кәсіпкерлері қатысты. Сол кезде олардың дәулеті тарихи рекордтық деңгейге жетті, себебі қор нарығы қарқынды өсіп жатқан еді. Алайда, Трамптың екінші мерзімі басталысымен жағдай күрт өзгерді.

Америкалық кәсіпкер, Tesla және SpaceX компанияларының иесі Илон Маск бір күннің ішінде 29 миллиард доллардан айырылды. Бұл Tesla акцияларының 15,4 пайызға құлдырауының нәтижесінде орын алды. Қазіргі уақытта оның байлығы 301 миллиард долларды құрайды.

Жалпы, жылдың басынан бері Маск 132 миллиард доллар, яғни 30,5 пайыз дәулетін жоғалтқан.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: