Трампқа оқ атқан адамның кім екені анықталды

14 Шілде, 09:36 6603

АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамптың Пенсильваниядағы сайлауалды митингінде оған қастандық жасалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Трамп сайлаушыларының алдында сөйлеп тұрғанда бірнеше рет оқ атылып, соның бірі оның құлағына тиген. Өкінішке қарай, қаңғыған оқтан сайлауалды митингіге келген бір көрермен қайтыс болып, тағы екеуі ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Трамптың өзі денсаулығы жақсы екенін жеткізді.

New York Post мәліметінше, атыс Трамп АҚШ-қа келетін заңсыз мигранттар туралы айта бастағанда болған.

Экс-президент күзетінің өкілдері оның қауіпсіз жерде екенін және тергеу басталғанын айтты. Атыс ашқан мерген өлтірілген. БАҚ өкілдері оның Пенсильванияның 20 жастағы тұрғыны екенін жазуда.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: