Трамп пен Харрис дебаты қашан өтетіні анықталды

9 Тамыз, 12:45 565

АҚШ президенттігіне үміткер Камала Харрис пен Дональд Трамп арасында дебат өтетін күн белгіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

АҚШ-тың қазіргі вице-президенті, Демократиялық партия атынан президенттікке үміткер болып отырған Камала Харрис пен экс-президент, Республикалық партия атынан сайлауға түсетінг Дональд Трамп 10 қыркүйек күні бетпе-бет дебат өткізуге келісті.

90 минуттық телевизиялық пікірсайыс Филадельфияда өтпек. Мичигандағы сайлауалды шара кезінде Харрис дебатты тағатсыздана күтетінін айтты. Ал Трамп қарсыласымен екі дебат өткізгісі келетінін жеткізді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: