Дональд Трамп АҚШ-тың 35-президенті Джон Кеннедидің інісі Роберт Кеннеди мен құқық қорғаушы Мартин Лютер Кингтің өліміне қатысты құжаттардың құпиялығын жою туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
1963 жылы Джон Кеннедидің өлімі түрлі болжам мен пікірталас тудырған еді.
Айта кетейік, бұған дейін 13 мыңнан астам құжат жарияланғанымен, Джо Байден қауіпсіздікке нұқсан келтіруі мүмкін деп қалған құжаттарды жасырып қалған.
Трамп бұл құжаттардың жариялауға рұқсат еткенімен, олардың нақты қашан жарыққа шығатыны белгісіз.