28 Шілде 2016, 12:31
Жақында Қазақстанда «Той думан» атты жаңа музыкалық арна ашылады.
«Гәкку тв» құрушы Санжар Мұстафин жаңа арнаның көрермендерге тек көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтынын айтады. «Біз кез келген тойда жылы қабылданатын музыкалық арна ашуды көптен ойлап жүргенбіз» дейді Санжар.
Тамыз айында жаңа телеарна Қазақстанның барлық қалаларында тест режимінде көрсетілмек. «Той думан» да алғашында өз жұмысын «Гәкку» телеарнасы сияқты спутниктік арналардан бастайды.
Жаңа арнаны ашу идеясы «Гәкку» ашылғаннан кейін туған екен. Басшылар ақылдаса келе, «Гәкку» арнасындағы «Той думан» атты арнайы айдарды жеке арна етіп ашқанды жөн көріпті. Санжар Мұстафин дағдарыс кезінде жаңа арна ашу тиімсіз болса да, тәуекелге бел буып отыр.
Айбота ӨТЕУЛІ
Сурет инстаграмнан алынды