Төтенше жағдайлар вице-министрі Жетісу облысына барды

25 Наурыз, 17:18 669

Жетісу облысына барған төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Ерлан Нұрпейісов Қорғас-1, Қорғас-2 жобасы селден қорғау құрылысының құрылыс алаңдарын аралады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Сондай-ақ, Балпық би ауылындағы өрт сөндіру депосының жаңа салынып жатқан ғимараттарын, Жетісу облысы ТЖД әкімшілік ғимаратын және гарнизонның басқа да бөлімшелерінде болды. 

Кице-министр Панфилов, Кербұлақ, Көксу аудандары мен Талдықорған қаласының гарнизондары құтқарушыларының күнделікті өмірімен, материалдық-техникалық базасымен де танысты.

Сапар соңында ТЖ вице-министрі өңірдің және оның азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базаны жақсарту бойынша одан әрі жұмыс жүргізу үшін нақты тапсырмалар берді. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: