Төтенше жағдайлар министрлігіндегі әрбір екінші басшы - жемқор

23 Тамыз 2023, 16:36 1272

ТЖМ-де сыбайлас жемқорлықтың 70%-ын бөлім басшылары жасаған. Бұл туралы бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылығымен өткен кеңес барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Төрағасы Асхат Жұмағали мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 
Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінің әрбір екінші басшысы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасайды.
 
Соңғы 5 жылда азаматтық қорғау органдарында 150-ге жуық сыбайлас жемқорлық фактілері тіркелген.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстары еліміздің барлық өңірінде орын алған.
 
Олардың басым бөлігі Алматы, Астана, Шымкент қалаларына, сондай-ақ Қостанай және Алматы облыстарына тиесілі.
 
Анықталған қылмыстардың ішінде парақорлық пен жымқыру фактілері басым. «Заңсыз сыйақы» өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тексеру актісіне қол қою кезінде, оқудан өткізу, рұқсат беру және жұмысқа орналасу үшінберіліп отырған.

Агенттік төрағасы атап өткендей,жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарға қарамастан, ТЖМ қызметкерлері пара алудан тыйылар емес.

Күні кеше Жетісу облысында жергілікті ТЖ бөлім басшысы жұмысқа алған адамнанақша алғаны анықталды. Бүгінгі іс-шараның өтетінін біле тұра, сонда да қылмысқа барып отыр. Бұл орайда профилактикалық тұрғыда нақты әрекет ету қажет. Қызметкерлердің мінез-құлқын түзетіп, психологиялық көзқарасын өзгерту маңызды, - деді ол.

Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы, Шымкент қаласының және Жетісу облысының департамент басшылары ұсталған болатын.
 
Олар өртке қарсы қауіпсіздік саласындағы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алып отырды, тексерілетін ұйымдарды келісімшарт жасасу жолымен қызметтерді сатып алуға мәжбүрлеп, олар бойынша уақтылы ақы төлеуін қамтамасыз етті деп күдіктенеді.
 
Басшылық құрамның қатысуымен болған сыбайлас жемқорлық фактілері Алматы қаласында, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында да орын алған.
 
Өз кезегінде, Төтенше жағдайлар министрі жоғарыда аталған фактілерді мойындап,ведомство сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту үшін түбегейлі қадамдар жасайтынын мәлімдеді.

Бұл біздің қызметкерлер үшін жаға ұстатарлық жағдай. Аталған адамдар белгілі бір жетістіктерге қол жеткізген үздік қызметкерлердің қатарынан болатын. Дегенмен осы жағдайда олардың біз білмеген теріс қасиеті – екіжүзділігі әшкереленді. Айтылып өткен деректерге қатаң сынмен қараймыз. Бұдан біз тиісті сабақ аламыз, қарапайым өрт сөндірушілер бізге сеніммен қарауы керек, - деді С. Шәріпханов

ТЖ министрлігіне жеке құрам арасында жүргізілетін алдын алу жұмыстарын күшейту ұсынылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіп, проблемалық учаскелерді зерделеу, сондай-ақ ведомствоның барлық қызметкерлерінадалдық тұрғысындатексеруді апробациялау қажет, - деді А.Жұмағали.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: