Төтенше жағдайлар министрі Батыс Қазақстан облысының су тасқыны қауіпті учаскелерін инспекциялауда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еліміздің ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов еліміздің батысына барып, өңірдің көктемгі су тасқынына дайындығын тексеруде. Ол су тасқыны қаупі бар учаскелерді аралап, өткен жылы су тасқыны тіркелген Орал қаласының бес ауданы мен жайылмалы аумақтарына ерекше назар аударды.
Министр қарды шығару, мұзды босату үшін сулардың бетін бұрғылау, мұз кесу жұмыстары мен қамысты шабу сияқты су тасқынының алдын алуға бағытталған шаралармен танысты. Осы іс-шаралардың барлығы су деңгейін төмендетуге және су басу қаупін азайтуға бағытталған.
Су тасқыны кезеңіне дайындық халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қызметтердің барынша жұмылдыра отырып, іс-қимылдарын үйлестіруді талап етеді, - деді министр.
ТЖ министрі жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен кездесіп, халықты қорғау және өңірдің су тасқыны кезеңіне дайындығын жақсарту үшін бірлесе қабылданып жатқан шараларды талқылады. Кездесу барысында туындаған проблемаларды тиімді шешу үшін әртүрлі мемлекеттік және жергілікті құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылдың маңыздылығы атап өтті.