Төтенше жағдайлар министрі Атырау облысында су басу қаупі бар аумақтарды аралады

18 Наурыз, 03:15 613

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Атырау облысына жұмыс сапары барысында Жылыой ауданындағы төтенше жағдайлар бөлімінің ғимараты мен өрт сөндіру бөлімін қарап, материалдық-техникалық базасымен танысты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Содан соң «Казавиақұтқару» АҚ тікұшағымен Жем өзені мен «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағына авэровизуалды шолу жасады.

Іс-шара барысында ықтимал су тасу қаупі және қамыс өртінің алдын алу шаралары, жүйелі өртті сөндіру тәсілдері талқыланды.

Перизат Саденова
Бөлісу: