Төтенше жағдай кезінде волонтерлердің рөлі қандай?

20 Маусым 2023, 13:22 1641

Халықаралық волентерлер форуымының «Төтенше жағдайлар кезіндегі волонтерлік» атты екінші сессиясында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов алғашқылардың бірі болып сөз сөйледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Волентерлік қызмет – қазақ еліне таңсық дүние емес. Өйткені қиналған сәтте бір-бірімізге қолдау білдіріп, көмек көрсету біздің қанымызда бар», - деп атап өтті министр. 

Сонымен қатар Сырым Шәріпханов төтенше жағдай саласында волонтерлік жұмыс өте маңызды рөл атқарады деп есептейді. 

Волентерлік қызметтің маңыздылығы төтенше жағдайларда байқалады. Абай облысында орын алған өртте төтенше жағдайлар министрлігі мен оның жергілікті органдары, волентерлердің барлығы бірлесе отырып, қоян-қолтық жұмыс істеді. Облыстың 600 мың гектар орманы өртенгенде, екі мыңға жуық өрт сөндіруші, құтқарушы, жергілікті әкімшілік қызметкерлері оны сөндіруге жұмыла атсалысты, - деді ол.

Министр Абай облысындағы осы жағдайға волентерлердің де көп көмегі тиді дейді.

Өз басым өрт сөндірушілерден күндіз-түні «тамақтарың тоқ па?» деп сұраумен болдым. Ормандағы өртті сөндіруге көмектескен жандарға қажетті ас-суды еріктілер жеткізіп отырды. Сондықтан өрт сөндіруші қызметкерлер «бізге бар қажеттіні волентерлер жеткізіп отыр» деп жауап берді. Ол еріктілердің жұмысына үлкен мәртебе, - деді Сырым Шәріпханов.

Сондай-ақ форумға қатысушылар алдымен Абай облысындағы өрттен қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: