Төрт баласы бар отбасы ыстан уланып қайтыс болды

29 Ақпан, 17:08 3176

Душанбеде алты адамнан тұратын отбасы түтіннен уланып қайтыс болды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 28 ақпанға қараған түні Фирдауси ауданы Гравзавод көшесінің бойындағы үйлердің бірінде болған.  

Бір отбасының алты мүшесі иіс тиіп қайтыс болды, - делінген хабарламада.

Жайсыз хабар туралы жедел жәрдем қызметіне көршілері хабарлаған.  Үйден 6 мен 11 жас аралығындағы төрт бала мен олардың ата-анасының мүрдесі табылған. Оларды жергілікті ауруханалардың біріне жеткізгенмен, ешкімді аман алып қалу мүмкін болмады.

Әлеуметтік желіге сәрсенбі күні отбасының жерлеу рәсімінен бейнежазба жарияланды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: