Төрехан Сабырхан «Странджа» турнирінің ең үздік боксшысы атанды

Кеше, 01:40 2809

Қазақстан құрамасының спортшысы Төрехан Сабырхан «Странджа» турнирінің ең үздік боксшысы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Болгарияда 1 аптаға жалғасқан халықаралық турнирдің қорытындысы бойынша 19 жастағы Төрехан Сабырхан ең үздік деп танылды.

Айта кетейік, бұған дейін бұл турнирде бірде-бір боксшымыз бұл атаққа қол жеткізбеген.

Еске салсақ,  «Странджа кубогы» халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы үздік команда атанып, отандық рекордты жаңартқаны туралы жаздық. Спортшыларымыз  5 алтын, 9 күміс, 4 қолаға ие болды.

Асқар Таудай
Бөлісу: