Төрехан Сабырхан халықаралық турнирдің үздік боксшысы атанды

1 Шілде, 13:38 684

Бокстан Олимпиада және әлем чемпионатының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбековтің құрметіне жастар арасында дәстүрлі халықаралық бокс турнирі мәресіне жетті. Жеңімпаздар арасында  әлем чемпионы Махмұд Сабырханның туған інісі Төрехан Сабырхан да бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жартылай финалдық кездесуде отандасымыз ресейлік қарсыласын жеңді. Ал финалда Диас Серікұлы рингке шыққан жоқ. Сөйтіп, Төрехан 67 келіде чемпион атанды. Сөйтіп, жас боксшы турнирдің жеңімпазы ғана емес, ең үздік боксшысы атанды.

Айта кетейік, Төрехан Сабырхан Астанада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында төртінші рет топ жарып, сарықұрлық ең үздік боксшысы атанған  еді.

EL.KZ
Бөлісу: