Төреғалидың қарындасы күйеуіне 1,5 млн теңгенің сөмкесін сыйлады

12 Сәуір 2023, 17:31 19488

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі күйеуі Ернар Мұсабайға 1,5 миллион теңге тұратын сөмке сыйлады, El.kz ақпарат агенттігі.

Алла қаласа, біздің бір-бірімізге сыйлайтын сыйлықтарымыздың құны да, өзі де өсе берсін, – деді Дина Төреәлі.

@kaz.stars

 

♬ оригинальный звук - Қазақстан жұлдыздары

Қымбат сыйлыққа қатысты оқырманның пікірі қақ жарылды. Бірі «құтты болсын» айтып жатса, екінші тарап мұны құр мақтаншақтық деп бағалады.
«Басқа немен мақтансын?!» «Жұрт нанға ақша таппай жүргенде...» деген сыңайдағы пікірлер көп. 

Дина Төреәлі әлеуметтік желіде блогер ретінде көпшілікке жақсы таныс. 20 жастағы ару жеке өмірі жайлы өзінің парақшасында жиі жазады. Күйеуі футболшы. Қайын атасы бұрын Арал ауданында әкім болған.

Айта кетейік, Төреәлі әулетінің үлкен қызы Фариза да спортшыға тұрмысқа шыққан. Оның жолдасы Дархан Нортаев – джиу-джитсудан әлем чемпионы. 

 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: