Төреғали Төреәлінің қанынан мефедрон табылды - адвокат

23 Қазан 2023, 13:50 2194

Біраз уақыт бұрын есірткіге еліткен Төреғали Төреәлі желіні шулатқаны белгілі. Оқиғаға қатысты әншінің адвокаты мен нарколог маман Дина Төлепбергенге сұхбат берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Төреғалиды бәрі жабылып, наркодиспансерге апарды. Алайда, қасында ешкім жоқ. Өзіңіз білесіз, тестті Төреғалидың алдында жасауы керек қой. Бұл жерде оның зәрін алды да, бірақ ол кімнің зәрі, қалай алынғанын біл білмейміз, - дейді адвокат Эльнура Кішкенбаева.

Нарколог маманның айтуынша, ешқандай дәрігер біреудің анализын ауыстырып қоймайды.

Жоқ, олай болмайды. Полиция қызметкерлерімен бірге біздің орталыққа барады. Сол орталықта анализ тапсырылады. Бірақ екі дүниеде де біреудің зәрін біреудіңкімен ауыстырып қоятындай, біздің дәрігерлердің екі басы жоқ. Егер сіз күмәнмен қарасаңыз, сол мезеттің өзінде тәуелсіз экспертиза жасауға құқығыңыз болған, - дейді нарколог Санжан Тұрсынметов.

Әншінің қан талдауынан не табылғанын сұрап білді. Себебі, әр есірткінің қанда сақталу уақыты болатынын айтты. Ең ұзақ сақталатын марихуана қанда бір айдан аса уақыт бойы болады екен.

Қанның құрамынан мефедрон табылды, - деді адвокат.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: