Төреғали Төреәлі тағы үш тәулікке қамалды

21 Маусым 2023, 22:06 2428

Танымал әнші Төреғали Төреәлі полицияның заңды талабын орындамағаны үшін тағы үш тәулікке қамалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әншіге қатысты іс Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

Сот анықтағандай, 2023 жылдың 14 маусымында А. мас күйінде көлік құралын басқарған кезде полицияның көлік құралын тоқтату туралы заңды талаптарын орындамаған. Сот отырысында құқық бұзушы іс материалдарында баяндалған фактілерді ішінара растады, – делінген сот таратқан мәліметте.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Төреғали Төреәлі 14 маусым күні ұсталған болатын.

Перизат Саденова
Бөлісу: