Әнші Төреғали Төреәлі ақын, айтыс өнерінің ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманның алған марапатына қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды El.kzақпарат агенттігі.
Әнші "Марапаттарыңыз құтты болсын, жақсы адамдар!" деп, Жандарбек Бұлғақовқа, Рамазан Стамғазыға, Айгүл Үлкенбаеваға, Димаш Құдайбергенге құтты болсын айтты.
Ал Жүрсін Ерманның ауруханада жатып, марапат алып тұрған фотосына өлеңмен ойын жеткізген.
Жалтақтап төре менен төбе жаққа,
Айтыс көніп келеді көп азапқа.
Ерманов қой үйіріне қайта қосқан
Өлеңге өріс түгіл еге жоқта.
Отанға мың рақмет орден берген
Бұл бірақ Ермановқа өре боп па?!
Жанкешті дәл осындай жандар қайда
Күнде күйген күндестік деген отқа.
Жазықсыз ұшпасын деп өлең оққа
Қасқайып қалқан болған жебе жаққа
Негізі Жүрсін ағам лайықты еді
"Халықтың қаhарманы" деген атқа, - деп жазды Төреғали Төреәлі.
Айта кетейік, Республика күнінде ақын Жүрсін Ерман Мемлекет басшысының Жарлығымен "Отан" орденімен марапталған еді.