Төреғали Төреәлі 20 күнге қай жерге қамалғаны анықталды

20 Маусым 2023, 10:23 13902

Есірткі шегіп, мас күйінде көлік жүргізген әнші Төреғали Төреәлі 20 күнге қамауға алынған еді. Әншінің қазір қай жерде отырғаны анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Tengri Life тілшісінің жазуынша, ол  қоғамдық тәртіпті бұзушыларға арналған арнайы уақытша ұстау изоляторында отыр.

Алматы қаласы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы қаулысына сәйкес, бұрын мас күйінде көлік жүргізгені үшін полиция қызметкерлері ұстаған азамат Төреғали Әлиханов әкімшілік құқық бұзушыларға арналған изоляторда жатыр, – деп хабарлады Алматының полиция департаменті.

Тергеу изоляторы Алматы қаласының Жетісу ауданына қарасты Рысқұлов даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысына жақын жерде орналасқан.

Ғимарат сыртында тікенек сыммен биік дуалмен қоршалған. Қоршаудың ар жағынан ештеңе көрінбейді.

Мекеме аумағына зәулім темір қақпа арқылы кіруге немесе бақылау-өткізу бекетінен өтуге болады. Нысан қауіпсіз болғандықтан, мұнда адамдардың қозғалыс процесі өте қатаң бақыланады.

Бақылау бекеті арқылы қамауға алынғандардың туыстары қажетті киім-кешек пен жеке гигиеналық құралдарды, сондай-ақ азық-түліктің бір бөлігін тапсыра алады.

Кіре берістегі стендте тыйым салынған азық-түліктердің тізімі ілінген.

 

Алмас Абылай
Бөлісу: