Әнші Тоқтар Серіков Өскемен мен Павлодар қалаларындағы кешін желтоқсан айына ауыстырғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ассалаумағалейкум, ағайын! Құрметті, Павлодар мен Өскемен өңірінің жұртшылығы, 31 қазан және 1 қараша күндері өтетін концертімді аяқ асты денсаулығымның жарамай қалуына байланысты басқа уақытқа ауыстыруға мәжбүр болып отырмыз. Сіздерден кешірім сұраймыз, - деп жазды парақшасында.
Сонымен қатар әнші кейінірек концерттік баннерді бөлісті. Ол жерде Павлодардағы концерттің - 1 желтоқсанға, ал Өскеменде өтетін кеш қарашаның 30-да болаты жазылған.