Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтай отырысы өтеді

13 Наурыз, 15:06 726

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы 15 наурыз күні Атырау қаласында өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетейік, Президент жанынан құрылған Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы былтыр Түркістан қаласында ұйымдастырылды. Екі күн бойы қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылаған қоғам қайраткерлері мен Парламент депутаттары, қоғамдық кеңестер мүшелері мен БАҚ басшылары және сарапшылар өзіндік ұсыныстарын жеткізді.

Сондай-ақ «Қоғамдық консолидация», «Мәдениет. Өнер. Руханият», «Білім және ғылым» жұмыс секциясына бөлінген сала мамандары ел ішіндегі мәселелерді көтеріп, шешу жолдарын да ұсынды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: