Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды

17 Қыркүйек 2023, 19:12 568

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

Сапар барысында Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясы 78-сессиясының Жалпы дебатында сөз сөйлейді, сондай-ақ «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысады. 

Бұдан бөлек, Президент бірқатар мемлекеттің басшыларымен, халықаралық ұйымдардың және трансұлттық компаниялардың жетекшілерімен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.

Перизат Саденова
Бөлісу: