Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Нарендра Модиге және Үндістан халқына теміржол апаты салдарынан болған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтқанын мәлімдеді.
Одиша штаты, Баласор елді мекенінде болған теміржол апаты салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдадым. Жақындарынан айырылған отбасылардың ауыр қайғысына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Осындай азалы сәтте Үндістан халқымен біргеміз, - деп жазылған жеделхатта.