Тоқаев Ұлттық банк төрағасын қызметінен босатты

4 Қыркүйек 2023, 09:48 1093

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Олжаұлы Пірматов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Айта кетейік, ол бұл қызметке 2022 жылы 3 ақпанда тағайындалған болатын.

Ғалымжан Пірматов 1972 жылғы 24 сәуірде дүниеге келген.

1993 жылы Новосібір мемлекеттік университетін «Механика, қолданбалы математика» мамандығы бойынша бітірген. Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжау Институтын (1995 жыл) және АҚШ-тың Вилламет Университеті Джорж Х. Аткинсон атындағы Жоғары менеджмент мектебін (2001 жыл) бітіргендігі туралы екі Іскерлік басқару магистрі (МВА) дәрежесі бар. Пірматов еңбек жолын 1994 жылы «Алтын-Тас» БК-де бастаған.

1998 жылдан бастап түрлі ұйымдарда, оның ішінде шетелдік ұйымдарда (АҚШ, Украина) орта буындағы басшы лауазымдарын атқарған.

2005-2007 жылдары «Қазақстан Халық Банкі» АҚ жобалық қаржыландыру басқармасының бастығы, содан кейін Инвестициялық банкинг департаментінің басқарушы директоры - директоры лауазымдарын атқарған.

2007 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі лауазымына тағайындалды.

2009 жылғы наурыз - шілде аралығындағы кезеңде «БТА Банк» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары, Басқарма мүшесі болды.

2009–2011 жылдар аралығындағы кезеңде «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті лауазымын атқарған.

2011 жылдан бері «Cameco Kazakhstan» ЖШС Президенті. 2011 жылы ҚР Президентінің жанындағы Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі қауымдастығының Басқарма Төрағасы болып тағайындалды.

2014 жылғы қарашадан бастап – «Алтын Банк» АҚ («Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЕБ) Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры болған.

EL.KZ
Бөлісу: