Тоқаев Солтүстік Македония президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

17 Наурыз, 15:48 409

Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Республикасының президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Кочани қаласында болған өрттен көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өз атынан Солтүстік Македония президенті Гордана Силяновска-Давковаға және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтып, жарақат алған азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: