Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинді және Ресей халқын ұлттық мерекесі – Ресей күнімен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жеделхатында Ресей халқына амандық тіледі, сондай-ақ екі ел халықтарының игілігі мен мүддесі жолындағы ынтымақтастықтың нығая беретініне сенім білдірді.