Тоқаев пен Жапаровтың қандай құжаттарға қол қойғаны анықталды

19 Сәуір, 15:19 879

Ақорда Қазақстан мен Қырғызстан президенттерінің келіссөздері нәтижесінде қол қойылған құжаттар тізімін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Екіжақты келіссөздің, сондай-ақ Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесі алтыншы отырысының қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:

1.Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы одақтастық қатынастарды тереңдету және кеңейту туралы шарт;

  1. Қазақстан Республикасының және Қырғыз Республикасының Жоғары мемлекетаралық кеңесінің алтыншы отырысының шешімі;
  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім;
  3. 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттама;
  4. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Жеке деректерді қорғау жөніндегі мемлекеттік агенттігі арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум;
  5. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Мемлекеттік сәулет, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі арасындағы Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;

7. Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасында автомобиль өткізу пункттерін дамыту жөніндегі 2024-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (Жол картасы).

Мадина Асылбекова
Бөлісу: