Тоқаев пен Рахмон декларацияға қол қойды

4 Мамыр 2023, 13:11 2413

Қaзaқстан мен Тәжікстан елдері бірқатар маңызды меморандумға, соның ішінде декларацияға қол қойды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан прeзиденті Эмомали Рахмон екі ел арасындағы одақтастық және өзара іс-қимыл туралы Декларацияға қол қойды. Мемлекет басшысы Тәжікстан президентіне шынайы ризашылығын білдіріп, олардың бауырлас ел және маңызды әрі сенімді серіктес  екенін тілге тиек етті. 

Біздің халқымызды шынайы достық және ортақ тарих, рухани-мәдени құрылымдар біріктіреді. Осындай мызғымастық негізінде қаза-тәжік қарым-қатынасы стратегиялық әріптестік рухында қарқынды дамып келе жатыр. Бүгін біз Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы ынтымақтастықты одақтастық деңгейінде көтеру туралы Декларацияға қол қойдық. Бұл мән-мағынасы зор қадам»,-деді Президент.

Сондай-ақ, ол басты мақсат екі елдің достығын нығайтып, түрлі салада өзара тиімді ықпалдастыққа жаңа серпін беру екенін айтты. 

Біз шағын және кеңейтілген келіссөз барысында саяси сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға баса назар аудардық. Осы сапар Қазақстан мен Тәжікстан қарым-қатынасын жаңа сапалы деңгейге көтеруге мүмкіндік береді деп сенемін,- деді мемлекет басшысы.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: