Тоқаев Наталья Годунованы қызметінен босатты

1 Сәуір, 09:15 845

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Наталья Николаевна Годунова Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы лауазымынан босатылды, - делінген ақпаратта.

Айта кетейік кетейік, 2022 жылы Есеп комитеті Жоғары аудиторлық палата болып қайта құрылған болатын. Наталья Годунова сол жылы Палата басшысы болып тағайындалған.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: