Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Королі ІІІ Чарльздің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіріп, жеделхат жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетейік, Ұлыбритания королі III Чарльзден қатерлі ісік табылды. 5 ақпан күні Букингем сарайы ресми мәлімдеме жасады. Өткен айда III Чарльз ұлғайған простата безін түзету үшін Лондондағы ауруханаға барған. Сол жерде одан онкология анықталған.