Тоқаев кімдерді жан-жақты қолдау керектігін айтты

7 Ақпан, 11:40 1457

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында ауыл шаруашылығына көңіл бөлу керектігін жеткізді,  деп хабарлайжы El.kz ақпарат агенттігі.

Президент тек шикізат өндірісіне ғана сеніп отыруға болмайтынын айтты.

Ауыл шаруашылығы өнімін өңдеумен белсенді түрде айналысу керек. Үкімет осы мәселеге айрықша назар аударуға тиіс. Ауыл шаруашылығымен шұғылданам деушілердің санын мейлінше көбейту керек. Дақыл түрін көбейтіп, егіннің шығымын арттырып жатқан диқандарға жан-жақты қолдау көрсеткен жөн, - деді ол.

Сонымен қатар, биыл да құрғақшылықтан айналып өте алмайтынымызды, су министрлігі ойдағыдай нәтиже бермегенін жеткізді.

Ең алдымен, су үнемдеу технологиясын кең ауқымда енгізген жөн. Шыны керек, біз суды тым орынсыз жұмсаймыз. «Судың да сұрауы бар». Бүкіл ел болып суды үнемдеп пайдалану мәдениетін қалыптастыруымыз керек. Көрші мемлекеттердің тәжірибесін зерттеп, тиімді тұстарын алу қажет, - деді Мемлекет басшысы.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: