«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбалоны салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Умару Сисоку Эмбало бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы президенттерге рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.
Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.