Тоқаев Glencore компаниясының бас директоры Гэри Нейглді қабылдады

12 Қыркүйек, 12:01 391

Мемлекет басшысы Glencore компаниясының бас директоры Гэри Нейглді қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа Glencore компаниясы қызметінің нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берілді. Бұдан бөлек, еліміздің тау-кен, металлургия және энергетика салаларындағы компания жұмысының негізгі аспектілері талқыланды.

Президент экологиялық стандарттарды қатаң сақтау және өндіріс процесіне инновациялық технологияларды енгізу қажет екеніне айрықша назар аударды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: