Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Доха форумының ресми ашылу салтанатына барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Мемлекетіне жұмыс сапарымен барды.
Мемлекет басшысы Доха форумының панельдік сессиясына қатысады. Сондай-ақ Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен және бірқатар компания басшыларымен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.