Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС-тің XVI саммитіне қатысу үшін "Қазан Экспо" халықаралық көрме орталығына барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақорда БРИКС+ саммитіне қатысушылардың бірге түскен суретін жариялады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС-тің XVI саммиті пленарлық отырысының «БРИКС+»/«аутрич» форматындағы жиынында сөз сөйлейді. Президенттің баяндамасы 24KZ телеарнасынан шамамен сағат 15:00-де тікелей эфирде көрсетіледі.