Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 30 желтоқсанда биржа саудасы және кәсіпкерлік мәселелері бойынша заңға өзгерістер енгізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биржа саудасы және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген Ақорда мәліметінде.