Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Минсктегі Тәуелсіздік сарайында Беларусь президенті Александр Лукашенко қарсы алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысу үшін Минск қаласына барғанын жазғанбыз.