Тоқаев АЭС салу туралы референдум биыл күзде өтетінін мәлім етті

27 Маусым, 12:45 668

АЭС салу туралы референдум күзде өтеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы бүгін журналистерді құттықтау рәсімінде мәлім етті, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Президент референдум өтетін уақытты үкімет бекітетінін айтты.

Өздеріңіз жақсы білесіздер, экономиканы дамыту үшін тұрақты энергия көзі керек. Сондықтан мен атом электр стансасын салу мәселесін пысықтау туралы нақты тапсырма бердім. Қазір жан-жақты талқылау болып жатыр. Әртүрлі пікір айтылуда. Бұл үдеріске бұқаралық ақпарат құралдары да белсене атсалысуы керек. Шын мәнінде, елімізде атом энергетикасын дамытуға зор мүмкіндік бар. Оны дұрыс, яғни тиімді пайдаланған жөн. Осы мәселеге қатысты соңғы шешімді халық қабылдайды. Референдум биыл күзде өтеді. Үкімет нақты датаны айқындайды, - деді Тоқаев.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: