Тоқаев әділет министрін тағайындады

Кеше, 16:24 334

Ерлан Сәрсембаев әділет министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының жарлығымен Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев Қазақстан Республикасының әділет министрі лауазымына тағайындалды, - делінген мәліметте.

Бұған дейін бұл қызметті атқарған Азамат Есқараев лауазымынан босатылған. Ал Ерлан Сәрсембаев 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Конституциялық сот судьясы болған. 

EL.KZ
Бөлісу: