Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады

Кеше, 11:02 464

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жұмысшы мамандықтарының жылын жариялау туралы

2024 жылғы 27 желтоқсан

Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің реформасын жүзеге асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын.
  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын.
  3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
  4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

           Президенті                                                    Қ.Тоқаев

EL.KZ
Бөлісу: