TOP-5: Қысқы демалыста елiмiзде қай жерге баруға болады

22 Желтоқсан 2023, 17:30 3093

Қысқа сапарға шығудың  мүмкiндiгiн қалт жiбермей, елiмiздiң ең көрiктi жерлерiн тамашалағыңыз келсе, назарыңызға сiз көруiңiз керек Қазақстанның ең есте қаларлық 5 көрiктi жерiн ұсынамыз.

Астана


©Pixabay.com

Елiмiздiң жас Астанасы өзiнiң таңғажайып сұлулығымен елiтiп әкетедi.  Мәселен, «Бәйтерек», «Нұр Әлем» Ұлттық мұражайы мен Болашақ энергиясы мұражайына баруға болады. Ұлттық музей келушiлердi ел тарихына сүңгуге, мемлекеттiң қалыптасуы туралы бiлуге және бiрегей экспонаттарды көруге шақырады. «Нұр Әлем» Болашақ энергиясы мұражайы: «ЭКСПО-2017» мұрасы-диаметрi 80 метр сфера түрiндегi ғимарат. Онда энергияның әртүрлi түрлерiне арналған көрмелер бар: күн сәулесiнен кинетикаға дейiн өз көзiңiзбен көре аласыз.

Елодадағы тағы бiр ерекше орын – «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығы, онда шағын гольф пен құмды жағажайды қоса алғанда, көптеген iс-шаралар бар.

Алматы


©Pixabay.com

Алматы өзiнiң әдемi тауларымен және қысқы курортымен танымал. «Медеу» биiк таулы мұз айдыны мен «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортына баруға болады. Қысқы уақытта Алматы ерекше құлпырады. Медеу мұз айдыны теңiз деңгейiнен 2200 метр биiктiкте орналасқан. Шымбұлақ жаңадан бастаушыларға да, тәжiрибелi шаңғышылар мен сноубордшыларға да жарамды шаңғы және сноуборд жолдарын ұсынады. Сондай-ақ мұнда түрлi қысқы фестивальдер өткiзiледi. Олар бүкiл отбасы үшiн қызықты ойын-сауық бола алады.

Қаладағы тағы бiр тау шаңғысы курорты – Ақбұлақ. Ведомствоның мәлiметiнше, ол Алматы маңындағы екiншi iрi тау шаңғы курорты. Бұл демалыс аймағы шаңғы тебудi ендi ғана үйренiп жатқандар үшiн ерекше қызығушылық тудырады деп саналады. Дегенмен, мұнда «қара жол» бар, ол экстремалды әуесқойларға арналған. Алматы маңындағы тау шаңғысы маусымы қараша айының ортасынан наурыз айының соңына дейiн жалғасады.

«Ой-Қарағай» (Oi-Qaragai) курортына баруға болады. Алматыдан 30 шақырым жерде, Ой-Қарағай шатқалында орналасқан «Ой-Қарағай-Орман ертегiсi» тау курорты белсендi демалуға арналған барлық маусымдық көпфункционалды отбасылық курорт ретiнде танымал. Ағаш үйлер  келушiлерге ерекше әсер сыйлайды.

Сонымен қатар «Көктөбеге» баруға болады. Достық даңғылындағы (Алматының дәл қақ ортасындағы) станциядан аспалы жолмен 1620 метр биiктiкке «ұшып», әйгiлi «Көктөбе» биiк таулы саябағының қақпасында бола аласыз. Мөлдiр кабинада өткiзген 6 минуттың iшiнде үлкен қала өзiнiң барлық бояуымен паш етiледi.

Сондай-ақ қала мұражайларына барып, мегаполис саябақтарында серуендеуге кеңес беремiз.

Бурабай


©El.kz/Мұхтар ХОЛДОРБЕКОВ

Бурабайда шаңғы трассалары мен қарда жүрудi қоса алғанда, әртүрлi ойын-сауықтарды ұсынатын көптеген демалыс аймақтары бар.

Сонымен қатар Бурабай ұлттық табиғи паркi орталығында Табиғат мұражайы орналасқан. Мекеме жергiлiктi флора мен фауна туралы көбiрек бiлуге мүмкiндiк бередi.

Барған сайын сұранысқа ие демалыс түрiне айналатын глампингтерге тоқтауға кеңес берiлдi. Глампинг – қонақ үй бөлмесiнiң жайлылығын табиғатта демалу мүмкiндiгiмен бiрiктiретiн кемпинг түрi.


Түркiстан


©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Тарихы мен мәдени мұрасы мол қала – отбасылық саяхат үшiн тамаша таңдау. Мәселен, Қожа Ахмет Ясауи кесенесi сияқты жерлерге баруға болады.

Сонымен қатар, Түркiстан маңында Арыстан-Баба кесенесi мен «Отырар» ашық аспан астындағы мұражайы бар. Жаңадан бой көтерген Керуен сарай келушiлерге ХV ғасырдағы шығыс мәдениетiн еске түсiредi.

 

Шығыс Қазақстан облысы


Әлеуметтік желіден

Өңiрде тау шаңғысы курорты, қарда жүретiн көлiктер, Катонқарағай ұлттық саябағына барған жөн. Катонқарағай ұлттық саябағында табиғи сұлулықтан басқа көптеген тарихи және мәдени нысандар, санаторийлер, демалыс үйлерi мен пантотерапия нысандары бар.

Бұл жергiлiктi тауларды зерттеуге және қарлы пейзаждардың сұлулығынан ләззат алуға тамаша мүмкiндiк. Алтай тауларына әртүрлi жолдармен, соның iшiнде жолаушылар бугель көтергiштерiмен жетуге болады.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: