Топ-10: Қазақстанның ең сұлу қыздары

5 Шілде 2023, 18:48 23793

Әйел – сұлулықтың символы. Олар әлемнің бар асылын, нәзіктігін бойына жинап алғандай. Сол себепті де әйелдердің қоғамдағы орны ерекше. Әсіресе қазақ қыздарының бойынан бар сұлулық табылады. El.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі Қазақстандағы ең сұлу қыздардың ондығын жасап көрді.

Айдана Меденова


instagram.com/aidanamedenova_officialpage

Айдана – отандық танымал әнші әрі актриса. Ол 31 жаста.  Әнші Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында туған. Кiшкентай кезінен өнерге жақын болған ол бес жасынан түрлі үйірмелерге қатысқан. Кейіннен танымал «KeshYOU» тобының құрамында бірнеше жыл өнер көрсетті. Акриса Оңтүстік Корея астанасы Сеул қаласында өткен xалықаралық «Asia Model Festival» марапаттау кешіне қатысып, 2019 жылы «Asia Special Award» номинациясын жеңіп алған.

Сабина Алтынбекова


instagram.com/altynbekova_20

Сабина – танымал қазақстандық үздік волейболшы. Жасы – 26-да. Ол Батыс Қазақстан облысы Ақтөбе қаласының тумасы. Бес жасынан бері бимен әуестенген. Ал 14 жасынан волейболмен айналыса бастаған. Волейболшы қыз «Казхром»  клубының атынан капитан ретінде өнер көрсетеді. 16 жасында Алматы қаласындағы «Алматиночка» клубында ойнады.

Спортшы Тайбэйде өткен қыздар арасында волейболдан 17-ші Азия чемпионатында ең сұлу волейболшы атанған. Сондай-ақ Сабина «Forbes» журналының ең бай спортшы тізімінде 11 орынды иеленді.

Аяулым Шалқар


instagram.com/aya_shalkar

Аяулым – қазақстандық танымал модель. Ол Ақтау қаласында дүниеге келген. Жасы – 27-де. Аяулым жас кезінен сәнге құштар болып, тіпті подиумдарға да шыққан. Сондай-ақ музыкалық мектепке барып, көркемсурет сабағына, тіл үйрену курстарына қатысқан. Бүгінде ол қазақ, орыс тілінен бөлек, ағылшын, француз және неміс тілін жетік меңгерген.

Модельдің графикалық дизайнер мамандығы бойынша білімі бар. Айя лақап атымен танымал қыз Son Paskal-дың «Мен сені сүйемін» және Jah Khalib-тың «Медина» бейнебаянына түскен.

Ақбота-Нұр Сейтмағамбет


instagram.com/akbotanurabaykyzy

Ақбота-Нұр – көпшілікке танымал әнші әрі актриса. Өнер иесі Кентау қаласының тумасы. Сейдолла Бәйтереков атындағы музыкалық мектебін кейін, Петр Чайковский атындағы музыкалық колледжді тәмәмдаған. Бірнеше жыл «KeshYOU» тобынада өнер көрсетті. 2016 жылы Асқар Ұзабаевтың «Гламур для дур» фильміне түсіп, дебют жасаған болатын. Әншінің «Қайда, қайда», «Өзіңмен бірге», «Аяла», «Жүрекпен сағынайық» сынды танымал әндері бар. Жуырда Ақботаның желіге жариялаған суретін оқырмандары біраз талқылады. 

Әсел Сағатова


instagram.com/asselsagatova

Әсел –  актриса әрі тележүргізуші. Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүние есігін ашқан. Алматы қаласындағы орыс хореографиалық мектебін тәмамдаған. Ал 14 жасынан бастап модель болып жұмыс істеген. Актриса 9 сынып оқып жүрген кезінен бері жарнамаларға түскен. Тележүргізуші Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне тегін оқуға түседі.  Кейіннен магистратурада оқып жүріп, отандық телеарналардың бірінде музыкалық бағдарламаның жүргізушісі болып жұмыс істейді. Сонымен қатар ол 2000 жылы «Мисс 31 арна» атауын алған және «Мисс фотомодель» байқауларына қатысқан. Әсел «Махаббат тәлкегі», «Рэкетир»  фильмінде басты рөлді сомдайды. 38 жастағы актриса жақында қалыңдық атанды. Оған өзінен он жас кіші жігіт құда түсіп, құлағына сырға салды.

Мерей Әбілова


instagram.com/abilovva_m

Мерей – жастар арасында танымал блогер әрі дизайнер. Тараз қаласының тумасы. 20-ға жаңа толған Мерей шығармашыл отбасынан шыққан. Блогерлік жұмысын алғаш әпкесі Аружанмен бірге бастаған. Бүгінде оның инстаграм әлеуметтік желісін 2 миллионға жуық оқырман бақылайды. Сондай-ақ Мерейдің актрисалық қырын да атап өтуге болады. Ол әнші Тұрар Ыдырыстың «Ертегі емес» сериалына түскен. Мерейдің «Келші» деген жеке әні бар. Қазіргі таңда блогер өзінің дизайнерлік брендімен айналысады.

Альмира Тұрсын


instagram.com/almiratursyn

Альмира – отандық актриса, сценарист. 32 жастағы Альмира Алматы қаласында туып өскен. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін  «Менеджмент және бизнес»  мамандығы бойынша тәмамдаған. Кейін Мәскеу мемлекеттік университетінде «Адами ресурстарды басқару» мамандығы негізінде оқуын жалғастырады. Сондай-ақ Халықаралық Эриксон университетінде коуч дәрежесі бойынша біліктілігін шыңдаған. Альмира көпшілікке  «Томирис» тарихи фильміндегі басты рөлі арқылы да танылды. Осы ретте Томирис актрисаның фильмдегі алғашқы рөлі болғанын айта кеткен жөн.

Аружан Жазылбекова


instagram.com/arujazz

Аружан – актриса әрі модель. Алматы қаласында дүниеге келгіп,  №105 Халықаралық лингвистикалық гимназияны,  Қазақстанның менеджмент институтын, экономика және стратегиялық болжау институтын халықаралық журналистика факультеті бойынша бітірген. 2004 жылғы Ford Models Supermodel of the World конкурсының жеңімпазы атанған. Модель қыз Еуропаның ең жарқын подиумдарында жұмыс істеген. «Асель, достары мен құрбылары», «Астана, махаббатым менің» телесериалында ойнаған.

Айдай Исаева


instagram.com/aiday_issayeva

Айдай – қазақстандық модель, тележүргізуші. Ол Шымкент қаласының тумасы. Айдай Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің түлегі. 34 жастағы модель гольф, волейбол, теннис, гимнастикамен айналысқанды ұнатады. «Шымкент аруы-2008», «Алматы вице-мисс 2013», «Қазақстан аруы-2013» сұлулық байқауының жеңімпазы атанған. Сондай-ақ ол әнші Ғазизхан Шекербековтің «Көріктім» және Луинаның «Hey Yo!» әнінің бейнебаянына түскен.

Жәния Джуринская 


instagram.com/djurinskaya

Жәния – актриса. Байқоңыр қаласында туған. Мектепті бітіргеннен кейін Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне журналистика факультетіне оқуға түседі. Екінші курста оқып жүрген кезде «Вузеры» телехикаясына түсіп, көрмендер арасында танымал бола бастаған. Ол «Барлығы еркектердің кесірінен», «Ғашық жүрек», «Өкініш» сынды фильмдерде ойнаған. 

Ажар Лаубаева
Бөлісу: